Главное меню


«Алтын жүректі анамыз» өнегелі еңбегі, туралы кітап көрмесі

«Өзін-өзітану» рухани адамгершілік білім беру бағдарлама авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Алтын жүректі анамыз» өнегелі еңбегі, туралы кітап көрмесіÂ 

Абай атындағы жалпы білім беру мектебінің мектеп кітапханасында жас ұрпақтың рухани сәулеткері қоғамның, халықтың өзінен үлгі алатын сенімді өкілі Сара Алпысқызының жылдағы аталып өтілетін туған күніне орай жас оқырмандарымен «Алтын жүрек анамыз» атты мектеп кітапханашысымен көрме ұйымдастырылды. Көрме мақсаты Сара Алпысқызы өмір тарихы қоғамға сіңірген зор еңбегімен таныстыру. Осы мақсатта көрмеде Сара Алпысқызының өмір жолдарымен таныстырылды. Сонымен қатар жас оқырмандар көрмеге арнап өлең жолдарын табыс етті. Ұрпақтың ұлы жолында талай еңбек еткен Асыл анамыз туралы баяндама оқылды. Оқушылар Сара Алпысқызы жайлы қызықтарыған сұрақтарын қойып, қызығушылықтарын танытты.

Сара Алпысқызының отбасылық жағдайын, оның өмірдегі қызықты кезеңдерінен қысқаша ақпарат берілді. «Өзін- өзі тану» атты рухани- адамгершілік тәрбие беретін пәннің негізін қалаушы ретіндегі үлесі зор екендігі де айтылып өтті.

Көрмені тәуелсіз ел атанып төбемізге ту тігіліп тіліміздің мәртебесі артып әлемге атымызды танытатын жас балғындар сендерсіңдер сендерге сенім артамыз деп қортындыладым.

Кітапханашы: Абетова Р.К.

Өзін- өзі тану мұғалімі: Рахимжанова Б.А.

Календарь

< Февраля 2017 >
П В С Ч П С В
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Logo_25_KZ