Главное меню


« Өзін- өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты декаданың ашылу салтанатыны

« Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

« Өзін- өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты декаданың ашылу салтанатыны

Декаданың мақсаты: махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;

- оқушылардың бойында рухани- адамгершілік құндылықтарды дамыту

Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы  адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру.

Біздің мектебімізде ақпанның 2- нен 13 аралығында «Өзін- өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік декадасы ұйымдастыру жоспарланды. Декаданың әр күні өте қызықты және танымды болып өтуі үшін түрлі іс- шаралар, ашық сабақ беру жоспарланып отыр.

Жоспарға сәйкес ақпанның 2-сі күні онкүндігіміз де салтанатты жиынмен ашылды. Балалар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауының өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру рөлін көтеру жөніндегі үзіндісімен танысты. Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның мерейтойын тойлауға арналғандықтан оқушылар өмірбаянымен танысты. Оқушылар да осы шара аясында дайындаған өлең жолдарын, ән шашуларын арнап іс-шараға белсене қатысып, өз қызығушылықтарын танытып, шағын концертіміз көңілді аяқталды. Ендігі күндері де осындай белсенділік танытады деген ойдамыз.

Мектеп директорының м.а.:Адамова А.Ж.

Пән мұғалімі:Рахимжанова Б.А.

Календарь

< Февраля 2017 >
П В С Ч П С В
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Logo_25_KZ